Балалар логопед-дефектологымен сабақтар
Балаңыздың жасы келсе де, әлі сөйлей алмай ма, әлде нашар сөйлей ме? Балаңыздың түсініксіз сөйлеуі сізді алаңдата ма? Бала дыбыстарды «жұтады», буындарды ауыстырады, кейбір дыбыстарды дұрыс айта алмайды немесе сөздерді толық айтпай ма? Мұндай мәселелердің өздігінен шешілуін күтпеңіз, мүмкіндігінше ертерек білікті маманға жүгіну маңызды. LogoDom орталығында осындай бұзылыстарды жоюға көмектесетін 10-нан астам кәсіби маман жұмыс істейді.
Орталықтың артықшылықтары
Қандай жағдайларда логопед маманына жүгіну қажет
- Балада (1 жасқа дейін) былдырлаудың болмауы (“агу” “гы” “бубу” “тата”)
- 1,-2 жаста сөйлеу тілінің мүлдем болмауы
- 2-3 жаста – бала барлығын түсінеді, бірақ сөйлеуден бас тартады.
- Дислалия есту қабілеті дұрыс және сөйлеу аппаратының иннервациясы сақталған қалпында сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуының бұзылуы.
- Ринолалия – бұл сөйлеу аппаратының шеткі бөлімінің анатомиялық-физиологиялық кемістіктерінің салдарынан дауыс тембрінің және дыбыс айтылуының бұзылуы.
- Дизартрия - сөйлеу мотор аппаратының зақымдалуына байланысты сөйлеу дағдылары бұзылады.
- Логоневроз (Заикание) Тұтығу — сөздер мен дыбыстардың айтылу ырғағы мен тегістігінің өзгеруінен көрінетін сөйлеу бұзылысы.
Біз қандай мәселелерді шешеміз
Біздің негізгі міндеттеріміз — балалар мен ата-аналарға балалардың ой-өріс, мінез-құлық, психикалық және сөйлеу бұзылыстарын түзетуде білікті, тәжірибелі мамандар көмек көрсетеді.
Орталықта қабылдауды кім жүргізеді?
- Дефектолог-логопед
- АФК специалист
- Логопед
- Дефектолог
Қабылдауға жазылу
Өздеріңізді қызықтырған сұрақтар, мәселелер бойынша, қабылдауға дәл қазір жазылыңыз сізбен 10 минут ішінде хабарласып, кеңес береді.
- Сөйлеу тілінің деңгейін көтеруге көмектесеміз
- Түзету жолдарын анықтап, қажетті ұсыныстарды айтамыз