АВА‑терапия (Applied behavior analysis) – дефектолог маман баламен қарқынды режимде оқу бағдарламасын өтеді. Емдеу, мінез-құлық дағдыларын талдау қағидасы негізінде, баламен жұмыс жасау негізінде әдістер құрастырылады.
ABA терапия бұл ғылыми пән – бұл адамның мінез-құлқын өзгертуде осы факторлармен манипуляция жасауда, мінез-құлыққа қоршаған орта факторының әсер етуін зерттейді.
ABA – терапия жөнінде ақпарат
Түзету қандай жағдайларда қолданылады
Практика көрсеткендей, қолданбалы ABA – терапияны қолдану, бірінші кезекте, балаларда аутизмды түзетуде қолданылады. Және де бұл әдіс мына ауытқуы бар балаларда өзіндік жоғары әсерге ие:
- Аспергер синдромы
- Даму кемістігі
- Бас миының жарақаты
- Агрессияның болуы
- Проблемалық мінез-құлық, өзгелерді тыңдамау
Сеанс қалай өткізіледі
Алғашқы қабылдауда орталық маманы диагностика жүргізеді және оның қорытындысы бойынша баланың дамуы үшін жеке бағдарлама құрастырады. Бағдарлама жұмыс ерекшеліктерін көрсетеді және орталықта баламен жұмыс жасауда , ата-анамен үйде жұмыс жасау жөнінде ұсыныстарын айтады. Ата-аналарға баланың дамуы үшін, құрастырылатын әр деңгейді егжей-тегжейлі түсіндіреді
ABA – терапия әдісі бойынша оқыту бағдарламасы негізінде бала әрқашан тыңдайды, оның еркін қозғалысы мен пікірі оқытушы маман арқылы шектеледі. Әр баланың өзіндік ерекшеліктері болғандықтан – әр этапты даму жоспары баланың әртүрлі жағдайына байланысты жеке құрастырылады. Бір мезгілде бала екі немесе үш бір-біріне байланыспайтын дағдыларды үйренеді, оқытушы оқытуды бірте-бірте күрделендірудің келісілген жүйесін құрады, ол жаңа дағдыларды дамытуды бекітуге көмектеседі.
ABA терапияның ақырғы мақсаты - баланың қоршаған әлемді өз бетінше дамыту дағдылары мен құралдарын қалыптастыру.
Терапияның ерекшеліктері
Ерте араласу бағдарламасы 1:1 үлгісінде, және әрқашан жоғары қарқынды аптасына 30 дан -40 сағатқа дейін емдеу сағаты өткізіледі. Оқу бағдарламасы қарқынды жүрсе, баланың дамуының артта қалуын жеңуге көмектеседі.