Жұмыс күндері 9:00-18:00-ге дейін

Логопед

Балалар логопедиялық орталығы «LogoDom» сізге біздің кәсіби логопедтердіңқызметтерін ұсынады. Біздің мамандар баланың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, сөйлеу бұзылыстарын тиімді түзетуге мүмкіндік беретін әртүрлі әдістерді меңгерген.

Логопед – бұл сөйлеу және психикалық дамуының кішігірім проблемалары бар балалармен жұмыс істейтін тар маман. Ол кішкентай пациенттерге сөйлеуді бастауға, есте сақтауды жақсартуға, зейінді дамытуға, сөздер мен сөйлемдерді дұрыс құрастыруды және айтуды үйренуге көмектеседі. Біздің мамандардың негізгі жұмыс профилі - 3 жастан асқан балалардағы оқшауланған сөйлеу бұзылыстары: психикалық дамудың кешігуі, гиперактивтілік, есту аномалиялары, аутистикалық ерекшеліктер және басқа да бұзылыстар.

Логопед қызметтері жөнінде ақпарат

Қандай жағдайларда логопед маманына жүгіну қажет

  • Балада (1 жасқа дейін) былдырлаудың болмауы (“агу” “гы” “бубу” “тата”)
  • 1,-2 жаста сөйлеу тілінің мүлдем болмауы
  • 2-3 жаста – бала барлығын түсінеді, бірақ сөйлеуден бас тартады.
  • Дислалия есту қабілеті дұрыс және сөйлеу аппаратының иннервациясы сақталған қалпында сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуының бұзылуы.
  • Ринолалия – бұл сөйлеу аппаратының шеткі бөлімінің анатомиялық-физиологиялық кемістіктерінің салдарынан дауыс тембрінің және дыбыс айтылуының бұзылуы.
  • Дизартрия - сөйлеу мотор аппаратының зақымдалуына байланысты сөйлеу дағдылары бұзылады.
  • Логоневроз (Заикание) Тұтығу — сөздер мен дыбыстардың айтылу ырғағы мен тегістігінің өзгеруінен көрінетін сөйлеу бұзылысы.
  • Дисфония (охриплость голоса) и афония (отсутствие голоса).

Қабылдауды орталықта қандай маман жүргізеді?

“LogoDom” орталығында мәселелердің сипатына қарай қабылдауды 4 маманның бірі (логопед немесе дефектолог-логопед} жүзеге асырады. Бұл 3 жастан асқан балалардағы сөйлеу кемшіліктеріне қатысты тар маман. Ол мәселенің мәнін анықтауға, ата-аналарға кеңес беруге және анықталған сөйлеу және психикалық бұзылыстарды түзету үшін жеке курс әзірлеуге көмектеседі.

Логопед маманының қабылдауы қалай жүзеге асырылады

Қабылдау барысында логопед маманы баланың логикасын, сөздік қорын, сөйлемдерді дұрыс құрастыруын, қарым-қатынас дағдысын, айтылу ерекшеліктерін анықтайды.

Назар аударыңыз, кейбір жағдайларда симптомдарға байланысты қосымша тексеру түрлерін жүргізу қажет болуы мүмкін, мысалы: мидың допплерографиясы, электроэнцефалография және басқа да тексерулер.

Кездесу нәтижесінде логопед анықталған проблема бойынша алдын ала қорытынды жасайды, кейбір жағдайларда қосымша тексеруден өтуді ұсынады, сондай-ақ ата-аналарды балаға үйде өз бетінше көмектесу үшін практикалық кеңестермен «қаруландырады».

[mistape]
Біздің қызметтер
  • бастапқы қабылдау 8 000 тг.

    Қабылдау уақыты 45-тен 60 минутқа дейін өзгеруі мүмкін

  • сабақ 6 000 тг.

    Қабылдау уақыты 45-тен 60 минутқа дейін өзгеруі мүмкін

Онлайн жазылу

Продолжая использовать наш сайт, вы даете согласие на обработку файлов cookie, которые обеспечивают правильную работу сайта. Благодаря им мы улучшаем сайт и обслуживание.

Қабылдауға жазылу