Жұмыс күндері 9:00-18:00-ге дейін

Нейропсихолог

Балалар нейропсихологы — баланың жеке дамуы процесінде жүйке жүйесінің жұмыс істеуі және даму заңдылықтарын ескере отырып, клиникалық психолог жұмысына негізделеді. Маман баланың жоғарғы психикалық функиясының қалыптасу деңгейін қалыптастыра отырып, мидың белгілі бөліктерін анықтайды, яғни қалыпты түрде жетілмеген немесе өз міндеттерін орындауда ғана шектелетін ол оқу, жан-жақты жетілу барысында, әлеуметтік қатынастарда, мінез-құлық мәселелерінде кейбір жағдайларда тіл мәселелерінің анықталуымен көрініс табады.

Нейропсихолог маманының қызметтері жөнінде ақпарат

Нейропсихолог маманына қандай жағдайларда жүгінген жөн

  • Балада шамадан тыс нервоз
  • Балада тез шаршағыштық байқалады
  • Эмоционалды тұрақсыздық
  • Әлсіздік, көп ұйықтайды
  • Бала сабаққа өте көп уақытын жұмсайды
  • Невротикалық реакция пайда болады
  • Бала анық сөйлемейді (дизартрия)
  • Бұлшықет тонусының төмендеуі немесе жоғарылауы
  • Координацияның бұзылуы, моторлы ыңғайсыздық
  • Жазу кезінде көп қателіктер жасайды (дисграфия)
  • Айтылған сөзге назар аудармайды
  • Нашар көру немесе нашар есте сақтау
  • Зейіннің бөлінуінің жоғарылауы
  • Мектеп бағдарламасын меңгерудегі қиындықтар
  • Тапсырмаларды орындаудағы қиындықтар
  • Нашар сөйлеу
  • Әсерді бақылау қиындығы

Орталықта қабылдауды кім жүргізеді?

Қабылдауды логопедиялық орталықтың 3 нейропсихолог маманының бірі жүргізеді. Бұл мамандар нейропсихологиялық оңалту және түзету, нейропсихологиялық диагностикаларды жүргізу міндеттерін орындайды. Өз кезегінде түзету бұл шаралар кешені, арнайы ұйымдастырылған ықпалдар жүйесі арқылы жеткіліксіз функцияны қалпына келтіруге немесе қалыптастыруға бағытталған.

Психолог маманының кеңесі беруі қалай өтеді

Қабылдау келесі түрде өтеді: алғашқы қабылдауда біз сізбен, баламен немесе отбасы мүшелерімен таныстырамыз. Кеңес беру барысында маман баланы тексеру арқылы, оған күрделі емес тапсырмаларды береді мысалы: пазл-суреттерді құрастыру, сөз тізбегін есте сақтау, белгілі бір тақырыпқа сурет салу, сұрақтарға жауап беру және т.б.

Ата-аналар келесі ақпараттарды алдын-ала дайындап қоюы қажет

  • жүктілік және босану ағымының ерекшеліктері
  • бала ерте балалық шақта қалай дамыды
  • ол қандай да бір аурулармен ауырды ма және т.б.


Қабылдау аяқталған соң маман қысқа алдын-ала тұжырым жасайды, нақты қандай бұзылыстар барын анықтап, түзету жолдарын көрсете отырып, сабақ жоспарын ұсынады.

[mistape]
Біздің қызметтер
  • бастапқы қабылдау 10 000 тг.

    Қабылдау уақыты 45-тен 60 минутқа дейін өзгеруі мүмкін

  • сабақ 8 000 тг.

    Қабылдау уақыты 45-тен 60 минутқа дейін өзгеруі мүмкін

Онлайн жазылу

Продолжая использовать наш сайт, вы даете согласие на обработку файлов cookie, которые обеспечивают правильную работу сайта. Благодаря им мы улучшаем сайт и обслуживание.

Қабылдауға жазылу